Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Күні: 11:31, 04-11-2014.

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгерген жоқ.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 180,86 – 180,87 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $105,5  млн болып, жасалған мәміле 120 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: