Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Күні: 11:23, 05-11-2014.

Алматы. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгере қойған жоқ.  
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы 180,87–180,88 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $158 млн болып, жасалған мәміле саны 155 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: