Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Алматы. 10 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгерген жоқ.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 180,87 – 180,88 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $207  млн болып, жасалған мәміле 96 болды.

adimage