Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Күні: 11:24, 12-11-2014.

Алматы. 12 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгере қойған жоқ.  
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы 180,87 – 180,88 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $165,5 млн болып, жасалған мәміле саны 129 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: