Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Күні: 12:31, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгере қойған жоқ.  
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы 180,87–180,88 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $226 млн болып, жасалған мәміле саны 164 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: