Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,87/$1 болды

Алматы. 17 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 180,87/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгере қойған жоқ.  
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы 180,87–180,89 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $152 млн болып, жасалған мәміле саны 120 болды.

adimage