Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 180,99/$1 болды

Күні: 11:14, 22-10-2014.

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т180,99/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,35-ке төмендеді.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 1801,92 – 181,05 аралығында тұрақтады.

Сауда-саттық көлемі $254,5 млн болып, жасалған мәміле 162 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: