Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 181,5/$1 болды

Күні: 11:53, 16-10-2014.

Алматы. 16 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т181,5/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,02-ге түсті.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 181,49 – 181,55 аралығында тұрақтады.

Сауда-саттық көлемі $412,55 млн болып, жасалған мәміле 148 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: