Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 181,5/$1 болды

Күні: 11:37, 17-10-2014.

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т181,5/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгерген жоқ.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 181,5 – 181,54 аралығында тұрақтады.

Сауда-саттық көлемі $321,7 млн болып, жасалған мәміле 147 болды.


Жаңалықтармен бөлісу: