Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 181,5/$1 болды
Күні: 11:12, 20-10-2014.
Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т181,5/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы өзгерген жоқ.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 181,5 – 181,7 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $710 млн болып, жасалған мәміле 235 болды.