Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 181,52/$1 болды

Алматы. 15 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т181,52/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,28-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 181,49 – 181,9 аралығында тұрақтады.
Сауда-саттық көлемі $243,1 млн болып, жасалған мәміле 130 болды.

adimage