Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,03-ке өсіп, Т379,56/$1 болды

Алматы. 15 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде 379,56/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,03-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т378,8 – Т379,9 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $61,835 млн болды.

adimage