Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,05-ке өсіп, Т380,53/$1 болды

Күні: 16:17, 08-05-2019.

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде 380,53/$1 болды. Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т 0,05-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379,9 – Т380,95 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $111,312 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: