Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,09-ға өсіп, Т379,95/$1 болды

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т379,95/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,09-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379,65 – Т380,1 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $81,495 млн болды.

adimage