Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0.1-ге нығайып, Т372,17/$1 болды

Күні: 16:02, 09-10-2018.

Алматы. 9 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т372,17/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,1-ге құлады.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т370,9– 372,7 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $72 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: