Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,1-ге өсіп, Т372,73/$1 болды

Күні: 15:43, 28-11-2018.

Алматы. 28 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т372,73/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,1-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т372,05– 373,35 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $81 млн болды


Жаңалықтармен бөлісу: