Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,11-ге өсіп, Т371,08/$1 болды

Күні: 15:58, 08-11-2018.

Алматы. 8 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т371,08/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,11-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т370,1 – 372 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $101,45 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: