Алматы. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т380,51/$1 болды. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,15–ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379 – 381,3 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $61,1 млн болды.
Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,15-ке өсіп, Т380,51/$1 болды
