Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,25-ке өсіп, Т377,74/$1 болды

Күні: 15:05, 13-03-2019.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т377,74/$1 болды. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,25-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377,5 – Т378,1 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $107,286 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: