Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,33-ке түсіп, Т371,68/$1 болды

Күні: 16:04, 24-12-2018.

Алматы. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т371,68/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,33-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т370,5 – 372,9 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $190.3 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: