Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,4-ке түсіп, Т379,96/$1 болды

Алматы. 16 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде 379,96/$1 болды. Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,4-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379,70 – Т380,14 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $79,798 млн болды.

adimage