Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,42-ге өсіп, Т371,14/$1 болды

Күні: 15:49, 04-12-2018.

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т371,14/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,42-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т370,4 – 371,8 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $85,9 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: