Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,56-ға өсіп, Т376,17/$1 болды

Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т376,17/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,56-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т375,5 – Т377 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $117,05 млн болды.

adimage