Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,72-ге түсіп, Т377,37/$1 болды

Күні: 15:36, 05-03-2019.

Алматы. 5 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т377,37/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,72-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т376,1 – Т378,3 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $$73,344 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: