Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т0,78-ге өсіп, Т377,26/$1 болды

Күні: 15:46, 27-02-2019.

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т377,26/$1 болды. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т0,78-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т376,2 – Т378,2 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $138,25 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: