Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,01-ге өсіп, Т367,27/$1 болды

Күні: 15:52, 22-11-2018.

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т367,27/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,01-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т366,1 – 368 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $139,45 млн болды


Жаңалықтармен бөлісу: