Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,03-ке түсіп, Т380,89/$1 болды

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада 380,89/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,03-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т380 – Т381,95 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $55,24 млн болды.

adimage