Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т368,54/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,05-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т367,8 – 369,5 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $122,05 млн болды.
Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,05-ке түсіп, Т368,54/$1 болды
