Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,05-ке түсіп, Т381,94/$1 болды

Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде 381,94/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,05-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т381,4 – Т382 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $82,54 млн болды.

adimage