Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,08-ге түсіп, Т381,97/$1 болды

Күні: 16:13, 03-05-2019.

Алматы. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада 381,97/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,08-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т381,2 – Т382,12 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $72,77 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: