Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,16-ға түсіп, Т374,82/$1 болды

Күні: 16:23, 09-01-2019.

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сәрсенбіде Т374,82/$1 болды. Сейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,16 -ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т373,5 – 376,15 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $109,2 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: