Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,22-ге өсіп, Т366,05/$1 болды

Күні: 15:55, 23-11-2018.

Алматы. 23 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т366,05/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,22-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т365,2 – 367,2 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $279 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: