Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,25-ке түсіп, Т363,07/$1 болды

Алматы. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т363,07/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,25-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т360 –364,1 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $171,2 млн болды


adimage