Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т377,62/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,25-ке өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377 – Т378 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $108,5 млн болды.