Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,30-ға түсіп, Т379,86/$1 болды

Алматы. 25 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде 379,86/$1 болды. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,30-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т379,42 – Т380,30 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $91,784 млн болды.

adimage