Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,36-ға өсіп, Т376,26/$1 болды

Алматы. 18 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде Т376,26/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,36-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т375,45 – Т377,35 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $124,15 млн болды.

adimage