Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,49-ға түсіп, Т370,44/$1 болды

Күні: 15:58, 01-11-2018.

Алматы. 1 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т370,44/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,49-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т370 – 3671,1 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $125,7 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: