Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,67-ге түсіп, Т367,49/$1 болды

Күні: 15:46, 25-10-2018.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т367,49/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,67-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т367 – 368 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $112,7 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: