Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т1,97-ге нығайып, Т370,03/$1 болды

Күні: 16:40, 12-10-2018.

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т370,03/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т1,97-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т368,5 – 371,4 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $75,6 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: