Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т2,06-ға түсіп, Т380,66/$1 болды

Күні: 16:22, 29-01-2019.

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы сейсенбіде Т380,66/$1 болды. Дүйсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,06– ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т380,15 – 381,3 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $63,85 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: