Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т2,18-ге өсіп, Т377,11/$1 болды

Алматы. 22 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы дүйсенбіде 377,11/$1 болды. Жұмадағы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,18-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т376,36 – Т378,3 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $223,1 млн болды.

adimage