Алматы. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т367,52/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,29-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т366– 368,41 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $197,75 млн болды.
Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т2,29-ға түсіп, Т367,52/$1 болды
