Алматы. 28 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы бейсенбіде Т374,96/$1 болды. Сәрсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,3-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т373,6 – Т376,5 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $125,8 млн болды.
Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т2,3-ке өсіп, Т374,96/$1 болды
