Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т2,94-ке түсіп, Т359/$1 болды

Алматы. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т359/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т2,94-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т356–360 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $152,05 млн болды

adimage