Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т3,19-ға өсіп, Т377,74/$1 болды

Күні: 15:53, 12-09-2018.

Алматы. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т377,74/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т3,19-ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377,15–378,85 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $76,15 млн болды


Жаңалықтармен бөлісу: