Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т3,26-ға өсіп, Т378,12/$1 болды

Күні: 15:41, 04-01-2019.

Алматы. 4 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т378,12/$1 болды. Бейсенбідегі сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т3,26 -ға түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т376,61– 379,8 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $132,3 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: