Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т3,7-ге түсіп, Т360,65/$1 болды

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т360,65/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т3,7-ге түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т358,5–363,55 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $111,15 млн болды

adimage