Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т4,34-ке өсіп, Т361,15/$1 болды

Күні: 16:10, 23-10-2018.

Алматы. 23 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т361,15/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т4,34-ке түсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т360,3 – 363,5 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $315,2 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: