Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т4,67-ге түсіп, Т365,82/$1 болды

Күні: 16:10, 24-10-2018.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы Т365,82/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т4,67-ге өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т364 – 367,25 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $151,7 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: