Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы Т5,29-ға түсіп, Т380,44/$1 болды

Күні: 15:52, 28-12-2018.

Алматы. 28 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан қор биржасында (KASE) өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы жұмада Т380,44/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы Т5,29-ға өсті.
KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін Т377,5 – 382,5 аралығында тұрақтады.
KASE мәліметіне сәйкес сауда-саттық көлемі $152,75 млн болды.


Жаңалықтармен бөлісу: